«Саби» қорының қайырымдылық шарасына қазақстандық компаниялар мен жеке тұлғалар 416,5 миллион теңге аударды

Баспасөз хабарламасы

Іс-шара: «Сәби» қорының COVID-19 вирусымен күресу бойынша шаралар қабылдау үшін қаражат жинауға, оның ішінде коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған диагностикалық жүйелерді сатып алуға көмек жасау үшін асарға қазақстандық компаниялар, кәсіпкерлер және жеке тұлғалар қатысты, бұл мақсатта 416,5 млн. көлемінде қаражат жиналды.

Тарату аумағы: Алматы, Нұр-Сұлтан

Мерзімі: 20-24 наурыз, 2020 жыл

«Сәби» қайырымдылық қорының президенті және негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова мен «Саби» қорының тең құрылтайшысы Кеңес Ракишев COVID-19 коронавирусын талдау үшін жедел тесттер мен тест жүйелерін сатып алу үшін қаражат жинау науқанын ұйымдастырды.

COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты елде төтенше жағдай режимінің қалыптасқанына және кейіннен Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жариялануына байланысты  "Сәби" қорының «Медициналық жобасы» аясында қиын уақытта Қазақстан халқына жеке компаниялар, ұйымдар және жеке тұлғалар бұл маңызды бастамаға қосылуға шешім қабылдады.

Осындай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - ол Қазақстан халқының өмірі мен денсаулығы үшін, өз елінің болашағы үшін тікелей жауапкершілік болып табылады.

Көптеген қазақстандық компаниялар, ұйымдар және жеке тұлғалар Қордың қайырымдылық акциясына қатысу туралы үндеуді қабылдады:

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким мен Kaspi.kz басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе 100 000 000 теңге бөлді;

«Lancaster Group Kazakhstan» АҚ 100 000 000 теңге бөлді;

«Арена-S» ЖШС (Сулпак) 25 000 000 теңге бөлді;

Ихсан отбасы 20 миллион теңге бөлді;

«Недра-Инжиниринг» ЖШС - 14 000 000 теңге;

«Фридом Финанс» АҚ 10 000 000 теңге бөлді;

«БанкЦентрКредит» АҚ және басқа компаниялар мен жеке тұлғалар  37 500 000 теңге;

«Саби» қорының құрылтайшылары жеке қаражатынан 110 000 000 теңге бөлді.

Науқан нәтижесінде қазіргі уақытта қазақстандық компаниялар, ұйымдар мен жеке тұлғалар 416,5 миллион теңге аударды.

COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған жедел тесттер мен ПЦР тест жүйелері сатып алыныпы және «КДЛ Олимп» ЖШС-не «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханаларында халыққа тез арада тегін сынақ тапсырылды.

 

20.03.2020
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба
27.12.2023
Қазақстан дәрігерлеріне…

«Сәби» қоры өз қызметінде жүйелілік принципін ұстанады, барлық бағыттағы жобаларды дамытады. Сондықтан «Шұғыл…

Медициналық жоба
14.11.2023
Saby & Bvlgari қайырымдылық кеші…

«Сәби» Қоры өзінің ауқымды қаражат жинау шараларын өткізу тарихын 2008 жылдан бастап жүргізуде. Осы жылдар бойы Қор…

Медициналық жоба